Қазақ Тілі: Ашық Киелі кітап әңгімелері

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

24. Жақияның Исаны шомылдыру рәсімінен өткізуі

OBS Image

Зәкәрия мен Елізабеттің ұлдары Жақия ер жетіп пайғамбар болды. Ол айдалада шегіртке мен жабайы араның балын жеп, түйе жүнінен жасалған шапан киіп жүретін.

OBS Image

Көптеген адамдар Жақияның сөзін тыңдау үшін айдалаға келіп жатты. Ол былай деп уағыз айта бастады: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!»

OBS Image

Жақияның сөздерін естігенде, олардың көбі теріс жолдарынан қайтып, Құдай жолына түсті. Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. Жақияға көптеген дін басшылары да келді, бірақ олар күнәларына өкініп, теріс жолдан қайтпады.

OBS Image

Жақия дін басшыларына: «Ей, улы жыланның тұқымдары! Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Құдай жақсы жеміс бермейтін әрбір ағашты шауып, отқа тастайды», — деп ескертті. Халықтың көбі Жақияны Құдайдан келген пайғамбар деп құрметтеді. Жақия пайғамбарлардың мына сөздерін орындады: «Сенің алдыңнан Өзімнің хабаршымды жіберемін. Ол Саған жол дайындайтын болады. Сай-салалар толтырылып, тау-төбелер аласартылсын, бұралаң жолдар түзетіліп, бұдыр жерлер тегістелсін!»

OBS Image

Кейбір діни басшылар Жақиядан: «Сен Мәсіхсің бе?» — деп сұрады. Жақия жауап қайтарып: «Мен Мәсіх емеспін, Ол менен кейін келе жатыр. Ол құдіретті, Мен Оның құлы болып, кебісін әперуге де тұрмаймын», — деді.

OBS Image

Келесі күні Иса шомылдыру рәсімінен өту үшін Жақияға келеді. Жақия Исаны көріп былай деді: «Қараңдар! Мынау – Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы. Ол адамзаттың күнәсін Өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды».

OBS Image

Кейін Жақия Исаға былай деді: «Сізді шомылдыру рәсімнен өткізуге мен лайықты емеспін. Қайта Сіздің мені осы рәсімнен өткізгеніңіз жөн болар еді». Иса былай деп жауап берді: «Қазір солай болсын! Солай Құдайдың еркі толық орындалады». Сөйтіп Иса күнәсіз болса да, Жақияның шомылдыру рәсімінен өтеді.

OBS Image

Иса шомылдыру рәсімінен өтіп судан шыққан кезде, Құдайдың Рухы аспаннан көгершін бейнесінде келіп, Исаның үстіне қонды. Дәл сол сәтте Құдайдың аспаннан: «Бұл Менің сүйікті (рухани) ұлым! Мен Оған толық ризамын!» — деген дауысы естілді.

OBS Image

Құдай осылай болатынын алдын ала Жақияға айтқан еді: «Сен Киелі Рухтың Біреуге қонғанын көргенде, Киелі Рухқа Шомылдырушының соның Өзі екенін білесің!». Бұл оқиға Құдайдың жалғыз екенін және Ол үшбірлік екенін көрсетеді. Жақия Исаны шомылдыру рәсімінен өткізген кезде Құдай-Әкенің сөйлегенін естіді, Құдай-Ұлы Исаны, сонымен қатар Құдай-Киелі Рухты көрді.

Матай 3, Марқа 1:9-11, Жохан 1 :6-34,Лұқа 3:1-23 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі.