Қазақ Тілі: Ашық Киелі кітап әңгімелері

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

31. Исаның судың бетімен жүруі

OBS Image

Иса адамдар тобырын тамақтандырғаннан кейін шәкірттеріне қайыққа мініп, көлдің арғы жағасына өтуге бұйырды. Ол жұртты үйлеріне қайтарып жіберіп, мінажат ету үшін Өзі бір төбенің басына шықты. Кеш түскенге дейін Иса сол жерде қалып дұға етті.

OBS Image

Сол уақытта шәкірттері қайықпен жүзіп бара жатты. Жел қарсы тұрғандықтан, түннің ортасында олар көлдің жартысына дейін ғана жеткен еді.

OBS Image

Сол уақытта Иса мінажатын аяқтап, шәкірттеріне қарай беттеді. Иса олардың қайықтарына қарай судың үстімен жүріп барды.

OBS Image

Шәкірттері Оны көргенде, қатты қорқып кетті, өйткені олар Оны елес екен деп ойлап қалды. Иса олардың қорқып қалғандарын көріп: «Қорықпаңдар. Бұл Менмін ғой!» — деп олардың көңілдерін орнықтырды.

OBS Image

Сонда Петір Исаға былай деді: «Ұстаз, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, онда маған су бетімен қасыңызға баруға бұйырыңызшы». Иса оны: «Кел!» — деп шақырады.

OBS Image

Петір қайықтан шығып, су бетімен Исаға қарай жүрді. Бірақ біраз жүргеннен кейін, Исадан көзін алған ол қатты соққан жел мен айналасындағы үлкен толқындарды байқады.

OBS Image

Қорқып кеткен Петір суға бата бастады. Ол: «Ұстаз, мені құтқара гөріңіз!» — деп айқалайды. Иса дереу қолын созып, оны ұстап алды. Сонда Ол Петірге: «Әй, сенімі азым-ай! Неге күдіктендің?» — деді.

OBS Image

Содан кейін Петір мен Иса қайыққа отырды, сол сәтте жел де тоқтап, көл де тынышталды. Шәкірттері қайран қалып аң-таң болды. Олар: «Сіз шынымен де Құдайдың (рухани) Ұлысыз!» — деп, Исаға тағзым етті.

Матай 14:22-33, Марқа 6:45-52 және Жохан жазған ізгі хабар 6:16-21 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі