1. Әлемнің жаратылуы
Содан кейін Құдай :"Жер бетінде әртүрлі ағаштар мен өсімдіктер пайда болсын!" деді. Солай болды да. Құдай жаратылысына қарап, жақсы екенін көрді.
Төртінші күні Құдай: "Жарық көздері пайда болсын!" деп бұйырды. Аспанда күн, ай және жұлдыздар пайда болды. Құдай оларды, жер бетіне жарық нұрын шашу үшін және олар арқылы күн мен түнді ажыратып, жылдар мен жыл мезгілдерін анықтау үшін жаратты. Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, жақсы екенін көрді.
Бесінші күні Құдай: "Су тірі жәндіктерге толсын және аспанда құстар пайда болсын!" деп бұйырды. Осылай Құдай су жәндіктері мен барлық құстарды жаратты. Құдай осының бәріне қарап жақсы екенін көрді де, оларға оң батасын берді.
Алтыншы күні Құдай: "Құрлықта жануарлардың барлық түрлері пайда болсын!" деді - бәрі Ол айтқандай болды. Жануарлардың ішінде малдар, аңдар, және бауырымен жорғалаушылар болды. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.
Жаратылыстың басталуы 1-2 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі