43.Қауымның пайда болуы
Сонда Петір былай деп жауап берді: "Барлықтарың Құдайдан кешірім алу керексіңдер. Сондықтан әрқайсыларың теріс жолдан қайтып, Иса Мәсіхтің атымен суға шомылдыру рәсімінен өтіңдер. Сонда Құдай сендерге сый ретінде Киелі Рухты береді».
Сол күні үш мыңнан астам адам Петірдің айтқандарына сенді. Олар күнәдан бас тартып, Құдайға бет бұрды. Олар суға шомылу рәсімінен өтіп, Исаның шәкірті болып қауымның қатарына қосылды.
Сенушілер жиі бірге жиналып жүрді. Олар әрдайым елшілердің тәлімдерін тыңдап, дұға етіп, Құдайды мадақтады. Олар бірге тамақтанып, бір-біріне барынша көмектесіп отырды. Осылай олар қала тұрғындарының көңілінен шығып, күн сайын сенушілер саны көбейіп жатты.
Елшілердің істері 2 таруадан алынға Киелі кітап әңгімесі