15.Уәделі жер
Міне, Исраил халқының Құдай уәде еткен Қанахан жеріне кіретін уақыты келді. Сол жерде Иерихон атты қала болды. Ол мықты қабырғалармен қоршалған болатын. Нұн ұлы Ешуа Иерихонға екі тыңшыны жіберді. Сол қалада Рахаб есімді жезөкше әйел тұратын. Ол тыңшыларды үйінде жасырып, кейін оларға қаладан қашып кетулеріне көмектеседі. Ол исраилдіктердің Құдіретті Құдайларына сенгендіктен солай істеді. Тыңшылар әйелге исраилдіктер Иерихонды талқандаған кезде оның үй-ішін қорғаймыз деп уәде берді.
Уәделі жерге кіру үшін Исраил халқы Иордан өзенін өту керек болды. Құдай Нұн ұлы Ешуаға: "Ең алдымен діни қызметшілер барсын" - деді. Діни қызметшілер Иордан өзеніне кірген сәтте өзен ағымын тоқтатып исраилдіктер жағаға құрғақ жермен өтіп шықты.
Халық Иордан өзенінен өткеннен кейін Құдай Нұн ұлы Ешуаға ұлы Иерихон қамалына шабуыл жасауға дайын бол деп бұйырды. Құдай Нұн ұлы Ешуаға діни қызметшілер мен жасақшылар Иерихон қамалын күніне бір рет алты күн бойы айналып жүрсін деді. Діни қызметшілер мен жасақшылар Құдайдың талабын орындады.
Сонымен қатар Құдай исраилдіктерге жетінші күні қаланы жеті рет айналып шығыңдар дейді. Содан кейін діни қызметшілер керней тартып, халық дауыстап айқалау керек болды. Сонда Иерихон қабырғасы құлап, олар қаланы жаулап алады. Исраилдіктер солай істеді.
Ешуа 1-24 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі