қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

42. Исаның көкке оралуы

Frame 42-09

Содан кейін қырық күн бойы Иса Өзінің шәкірттеріне көрініп жүрді. Бір күні Ол бір мезетте бес жүзден астам адамға бірден көрінді! Ол шәкірттеріне Құдай Патшалығы туралы үйретіп, Өзінің тірі екендігін бірнеше рет дәлелдеп жүрді.

Frame 42-10

Иса шәкірттеріне былай деді: "Құдай маған көк пен жердің билігін берді. Сондықтан мен сендерге барлық халықтарға барып оларды менің шәкірттерім етіңдер деймін. Оларды Құдай Әкенің, рухани Ұлының және Киелі Рухтың атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер. Оларды Менің айтқандарымның барлығын орындауға үйретіңдер. Естеріңде болсын Мен әрқашан сендермен біргемін"

Frame 42-11

Қайта тірілген Иса қырық күннен кейін шәкірттеріне былай деді: "Менің Әкем сендерге күш бергенше Иерусалимде қала беріңдер. Құдай оны сендерге Киелі Рух арқылы жіберетін болады." Осыны айтқаннан кейін Иса көкке көтеріліп, бұлтқа оранып ғайып болады. Енді Иса көкте Құдайдың оң жағында отырып бүкіл әлемді басқарады.

Матай 28:16-20, Марқа 16:12-20, Лұқа 24:13-53, Жохан 20:19-23 және Елшілердің істері 1:1-11үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі