қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

19. Пайғамбарлар

Frame 19-14

Ілияс жердегі қызметін аяқтағаннан кейін Құдай Еліше есімді адамды Өзінің пайғамбары етіп тағайындады. Құдай Еліше арқылы көптеген кереметтер жасады. Нағыман деген әскер қолбасшысымен бір таңғажайып оқиға болды. Ол емделмейтін тері ауруымен ауыратын. Еліше туралы ести сала Нағыман оған барып, өзін сауықтыруын өтінді. Бірақ Еліше Нағыманның алдына шықпай қызметшісі арқылы оған Иордан өзеніне жеті рет шомылып шықсын деп айтып жібереді.

Frame 19-15

Алдымен Нағыман Елішенің оның алдына тіпті шықпағанына ашуланып оның айтқанын орындағысы келмеді. Бірақ кейін райынан қайтып, Иордан өзеніне барып жеті рет суға түсіп шомылып шығады. Судан шыққанда Құдай оны ауруынан құлан-таза сауықтырады.

Frame 19-16

Елішеден кейін Құдай Исраил халқына көптеген пайғамбарларды жіберіп отырды. Барлығы оларды теріс жолдарынан қайтып, бөтен тәңірлерге табынбай, адамдарға адалдықпен қарап, мейірімділік танытуға шақырды. Пайғамбарлар адамдарға, егер зұлымдық жасауларын доғармай, Құдайға мойынсұнбаса, Құдай оларды соттап, кіналары үшін жазалайтынын ескертті.

Frame 19-17

Бірақ халық көбінесе Құдайды тыңдағысы келмеді. Адамдар пайғамбарларға жиі қатыгездік танытып отырды. Осылай Еремия есімді бір пайғамбарды өлсін деп кеуіп қалған құдыққа тастады. Патшаның оған жаны ашып, өліп қалмас бұрын нөкерлеріне оны құдықтан алдыртқанға дейін, ол белшесінен балшыққа батып отырды. Адамдар Құдайдың пайғамбарларын жек көрді, кейбіреуін тіпті өлтіретін.

Frame 19-18

Олардың жек көргендеріне қарамастан пайғамбарлар адамдарға Құдайдың сөзін жеткізіп отырды. Егер олар теріс жолдарынан қайтып, тәубеге келмесе, онда Құдайдың оларды құртатынын ескертіп, Оған мойынсұнуға шақырып отырды. Сонымен қатар пайғамбарлар Құдайдың Мәсіхті жіберуге уәде бергенін адамдарға естеріне салып тұрды.

3 Патш 16-18; 4 Патш 5; Еремия 38 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі