37. Исаның Елазарды өлімнен қайта тірілтуі
Иса көкке қарап: "Әке, әрқашан Мені еститініңе алғыс айтамын. Мені еститініңе кәміл сенемін, бірақ мұны осында тұрған адамдардың Сенің Мені жібергеніңе көздері жетуі үшін айтып тұрмын". Содан кейін Иса қатты дауыстап: "Елазар, шық!" - деп бұйырды.
Сонда Елазар қабірден шықты! Ол толық кебінге оралған еді. Иса айналасында тұрған адамдарға: "Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін!" - деді. Бұл кереметті көрген яһудилердің көбі Исаға сенді.
Бірақ бас діни қызметшілер мен парызшылдар бүкіл халық Исаға Мәсіх ретінде сеніп кетеді деп кауіптенді. Сондықтан олар кеңес құрып, Иса мен Елазарды өлтіруді жоспарларды.
Жохан жазған ізгі хабар 11:1-46 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі