қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

39. Исаның сот алдында тұруы

Frame 39-10

Иса оған былай деп жауап берді: "Сен дұрыс айтасың. Дегенмен Менің Патшалығым бұл жерде емес. Әйтпесе Менің қыметшілерім Мен үшін күресетін еді . Мен осы әлемге Құдай туралы шындықты жеткізу үшін келдім. Шындықты сүйетін әркім Мені тыңдайды". Әмірші Пилат Исадан: "Сонда шындық дегеніміз не?" - деп сұрады.

Frame 39-11

Исамен сөйлескеннен кейін Пилат халыққа шығып: "Мына Адамнан өлім жазасына тартылатындай еш кінә таппай тұрмын"- деді. Бірақ бас діни қызметшілер, рубасылар мен жиналған халық: "Айқышқа шегеленсін!"- деп айқалады. Пилат оларға: "Бұл Адам сіздер кінәлайтындай ешқандай қылмыс жасаған жоқ". Бірақ жиналған халық қатты айқалап жатты. Сонда Пилат үшінші рет: "Оның еш кінәсы жоқ!" - деді. Бірақ жиналған халық: "Ол айқышқа шегеленсін!" - деп одан бетер айқалады.

Frame 39-12

Халық көтеріліске шығады деп қауіптеніп, Пилат олардың талаптарын орындап, жасақшыларға Исаны айқышқа шегелесін деп бұйырады. Рим жасақшылары Исаны қамшымен аямай соғады. Олар Исаның үстіне патшаның шапанын жауып, басына тікенді тәж кигізіп, қараңдар, бұл яһудилердің Патшасы!" - деп келекеледі.

Матай 26:57-27:26, Марқа 14:53-15:15, Лұқа 22:54-23:25 және Жохан 18:12-19:16 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі