қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

4. Ыбырайым мен Құдайдың арасындағы келісім

Frame 04-03

Сонда Құдай олардың ортақ тілдерін көптеген әртүрлі тілдерге ауыстырып, адамдарды жер бетіне бытыратып жіберді. Олар тұрғызып жатқан қала "Бабыл" деп аталды, оның мағынасы "араласқан" дегенді білдіреді.

Frame 04-04

Жүздеген жылдардан кейін Құдай Ыбырам деген адамға келеді. Құдай оған: "Ыбырам, еліңді және туған-туыстарыңды тастап, Мен көрсеткен жерге бар. Мен саған ақ батамды беремін және сенен ұлы халық өрбітіп шығарамын. Сенің есіміңді ұлылыққа бөлеймін. Саған батасын бергендерді жарылқаймын, сені қарғағандарды қарғаймын. Жер бетіндегі бүкіл халықтар сен арқылы Менің ақ батама ие болады".

Жаратылыстың басталуы 11-15 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі