13. Құдайдың Исраилмен жасаған келісімі
Синай тауынан түскен кезде Мұсаның қолында Құдай он өсиет жазып берген екі тақташа болды. Мұса жалған тәңірді көріп, қатты ашуланып кетеді де тас тақташаларды сындырып тастайды.
Содан кейін Мұса жалған тәңір мүсінін өртеп, ұнтақтап тастайды. Ұнтағын суға лақтырып, сол суды халыққа ішкізді. Осылай Құдай Исраил халқына ауыр апат жіберіп, көп адам қырылып қалады.
Құдай Мұсаға сынған тақташалардың орнына Он өсиет жазылған жаңа тақташалар жаса деп бұйырды. Мұса Құдайдың айтқанын бұлжытпай орындады. Ол қайтадан тауға шығып исраилдіктер үшін мінәжат етеді. Құдай Мұсаның мінәжатын естіп, Исраил халқын кешіріп, жаңа тақташаларға Он өсиет жазып береді. Мұса осы тақташалармен таудан қайтып келеді. Содан кейін Құдай исраилдіктерді Синай тауынан уәделі жерге апарады.
Мысырдан шығу 19-34 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі