қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

14. Шөл даланы кезу

Frame 14-01

Құдай исраилдіктермен жасаған келісіміне сай, орындау керек барлық заңдарды бергеннен кейін, оларды Синай тауынан түсірді. Құдай олардың алдында бұлтты бағана болып жүрді, ал халық Оның соңынан ерді. Ол халықты уәде еткен Қанахан еліне апармақ болды.

Frame 14-02

Құдай Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыптың ұрпақтарына уәделі жерді беремін деп уәде еткен еді. Бірақ сол жерде көптеген басқа ұлттар тұратын. Оларды қанахандықтар деп атайтын. Қанахандықтар Құдайға сиынбады және Оған мойынсұнбады. Олар жалған тәңірлерге табынып, көптеген зұлым іс-әрекеттер жасады.

Frame 14-03

Құдай исраилдіктерге: "Уәделі жерге кіргенде бүкіл қанахандықтардың көзін құртыңдар. Олармен одақтаспаңдар және неке құрмаңдар. Сендер олардың жалған тәңірлерін жою керексіңдер. Егер Менің айтқанымды бұлжытпай орындамасаңдар, онда Маған емес, олардың жалған құдайларына сиына бастайсыңдар" - деді.

Frame 14-04

Исраилдіктер Қанаханның шекарасына жақындап келгенде, Мұса Исраилдің әр руынан бір-бірден он екі ер адамды таңдап алды. Оларды сол жердің қандай екенін білу үшін барлап келуге жіберді. Сонымен қатар олар қанахандықтардың әскери күшін біліп келулері керек еді.

Мыс.шығу 16-17; Руларды санау 10-14; 20; 27; Заң.қайт 34