24. Жақияның Исаны шомылдыру рәсімінен өткізуі
Иса шомылдыру рәсімінен өтіп судан шыққан кезде, Құдайдың Рухы аспаннан көгершін бейнесінде келіп, Исаның үстіне қонды. Дәл сол сәтте Құдай аспаннан: "Бұл Менің ұлым! Ол Менің сүйікті Ұлым және Мен Оған ризамын!" - деді.
Құдай осылай болатынын алдын ала Жақияға айтқан еді: "Сен шомылдырған бір Адамның үстіне Киелі Рух қонады. Ол Құдайдың Ұлы болады". Бұл оқиға Құдайдың жалғыз екенін және Ол үшбірлік екенін көрсетеді. Жақия Исаны шомылдыру рәсімінен өткізген кезде Құдай-Әкенің сөйлегенін естіді, Құдай-Ұлы Исаны, сонымен қатар Құдай-Киелі Рухты көрді.
Матай 3, Марқа 1:9-11, Жохан 1 :6-34,Лұқа 3:1-23 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі.