35. Жоғалған ұл туралы әңгіме
Үлкен ұлы інісінің оралғанына той жасалып жатқанын естіп, қатты ашуланып, үйге кіргісі келмеді. Әкесінің өзі шығып оны бірге тойлауға шақырды,бірақ үлкен ұлы ренжіп кірмей қояды.
Үлкен ұлы әкесіне: "Мен сізге көп жыл бойы адал қызмет етіп келдім. Әрқашан айтқаныңызды орындап келдім, бірақ достарыммен көңіл көтеру үшін сіз маған тіпті кішкентай лақты та бермедіңіз. Ал мына балаңыз болса азғындық жолға салынып, ақшаңызды ысырап қылды. Қайтып келгенде сіз оған бола бордақыланған өгізшені сойып, той жасап жатырсыз!"
Сонда әкесі былай жауап берді: "Балам, сен әрқашан менімен біргесің, мендегі дүниенің барлығы сенікі ғой. Той жасап жатқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Өйткені інің өлген еді - тірілді, жоғалған еді - табылды!"
Лұқа жазған ізгі хабар 15:11-32 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі