49. Құдай бекіткен Жаңа Өсиет
Егер сен Исаға сеніп, Оның сенің өміріңде істеген істерін ашық жариялайтын болсаң, онда Мәсіхтің шәкірті боласың. Шайтан енді сені басқара алмайды және қара түнектің патшалығы енді саған билік жүргізе алмайды. Құдайдың Өзі нұрлы Патшалығынан саған бағыт беріп тұрады. Құдай саған күнәға қарсы тұруға күш беріп, жаңа, дұрыс өмір сүру салтын сыйлайды.
Егер Исаға сенген болсаң, онда Исаның құрбандығы арқылы Құдай сенің күнәларыңды кешірді. Енді Құдай сені Өзінің жауы емес, жақын досы ретінде қабылдайды.
Егер сен - Құдайдың досы болсаң және Исаның қызметшісі болсаң, ал Иса - сенің Иең болса, онда сенде Исаның үйреткендерін орындауға тілек пайда болады. Бірақ Исаға сенген болсаң да, шайтан сені күнәға итермелеп тұрады. Шайтан сені Исаның сенімсіз шәкірті болуға түртіп тұрады. Бірақ Құдай әрдайым Өзінің уәдесінде тұрып айтқанын орындайды. Егер сен күнәңді мойындап, Құдайдың алдына келіп кешірім сұрасаң, онда Ол сені кешіріп, күнәмен күресуге күш береді.
Құдай сенің Киелі кітапты оқып-үйреніп, мінәжат еткеніңді қалайды. Сонымен қатар Ол Исаның жолын қуған басқа мәсіхшілермен бірге Оған сиынғаныңды қалайды. Егер сен Құдайдың тапсырмасын түгел орындайтын болсаң, онда сенің Құдаймен өзара достық қарым-қатынасың нығая береді.
Римдіктерге арналған хат 3:21-26, 5:1-11, Жохан жазған ізгі хабар 3:16, Марқа жазған ізгі хабар 16:16, Қолостықтарға арналған хат 1:13-14; 2-ші Қорынтықтарға арналған хат 5:7-21 және 1-ші Жохан 1:5-10