29. Мейірімсіз қызметші туралы әңгіме
Болған оқиғаны көрген басқа қызметшілер қатты наразыланды. Олар патшаға барып, болған оқиғаның бәрін айтып береді.
Сонда патша әлгі қызметшіні шақырып алып: "Әй, зұлым қызметші! Сен менен өтінгендіктен мен сенің қарызыңды кешірдім емес пе? Сенің де солай істеуің керек еді ғой!" Сонда қаһарланған патша, қызметшіні қарызын толық өтегенше түрмеге жапқызады.
Иса былай деді: "Сендер де бауырластарыңды шын жүректен кешірмесеңдер, әрқайсыларыңмен Менің Көктегі Әкем де солай істемек"
Матай 18:21-35 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімесі