қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

12. Мысырдан шығу

Frame 12-10

Олар теңіздің қақ ортасымен исральдіктердің артынан қуа жөнелді. Жаратқан Иенің алдында мысырлықтардың үрейлері ұшып, берекелері кетіп сасып қалды. Күймелері балшыққа батып, олар бір дауыстан: "Қашайық! Жаратқан Иенің Өзі исраилдіктер үшін күресіп жатыр!" - десті.

Frame 12-11

Исраилдіктер толығымен теңіздің арғы бетіне өтіп болғаннан кейін Құдай Мұсаға қолыңды тағы судың үстіне қарай сөз деп бұйырды. Мұса солай істеді. Сонда су өз арнасына қайтадан келіп, бүкіл мысырлықтар судың астында қалды. Осылай бүкіл мысыр әскері суға батып кетті.

Frame 12-12

Исраилдіктер мысырлықтардың түгел қырылып қалғанын көргенде Құдайға сеніп, Мұсаның - Құдайдың пайғамбары екеніне көздері жетті.

Frame 12-13

Исраилдіктер өздерін өлім мен құлдықтан құтқарған Құдайдың алдында қуана шаттанды. Енді олар Қүдайға мойынсұнып, Оған еркін қызмет ете алатын болды! Бостандыққа ие болған Исраилдіктер шаттанып, мысырлықтардың әскерінен құтқарған Жаратқан Иені мадақтап ән шырқады.

Frame 12-14

Құдай исраилдіктерге мысырлықтардың құлдығынан құтылған осы күнді ексе алу үшін жыл сайын тойлаңдар деп бұйырды. Бұл мерекені Құтқарылу мейрамы деп атады. Құтқарылу мейрамында исраилдіктер мінсіз тоқытыны құрбандыққа шалып, оны ашымаған нанмен жейтін.

Мысырдан шығу 12:33-15:21 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімелері