20. Жер аударылу және қайта оралу
Парсы елінің патшасы Кир шамасы жетпіс жылдан кейін Бабылды талқандап тастады. Енді Бабыл империясының орнына көптеген халықтардың үстінен Парсы империясы билік жүргізді. Сол кездері исраилдіктерді яһудилер деп атайтын. Олардың көпшілігі өмір бойы Бабылда тұрған еді. Елін, жерін ұмытпаған бірнеше ғана яһуди ақсақалдары қалған еді.
Парсы империясы мықты болса да, бағындырып алған халықтарға мейірімділікпен қарады. Көп ұзамай Кир Парсы елінің патшасы болып тағайындалғаннан кейін, ол бүкіл яһудилерге Парсы елінен Яһуди жеріне қайтуларына рұқсат беретін жарлық шығарды. Ол тіпті киелі үй тұрғызуға қажеттінің бәрін берді! Осылай жетпіс жылдық құлдықтан кейін бір топ яһудилер Иерусалим қаласына қайтып оралады.
Адамдар Иерусалимге оралғаннан кейін киелі үйді қайта тұрғызып, қаланың айналасындағы қабырғаларды көтерді. Яһудилер әлі де Парсы еліне бағынса да, олар уәделі жерде тұрып, киелі үйде Құдайға құлшылық ете алды.
4 Патш 17; 24-25; 2 Шеж 36; Езра 1-10; Нехемия 1-13 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі