44. Петір мен Жоханның сал адамды сауықтыруы
Петір оларға: "Алдарыңда тұрған адам Мәсіх Исаның күшімен сауыққан. Сендер Исаны айқышқа шегеледіңдер, ал Құдай Оны қайта тірілтті! Сендер Одан бас тарттыңдар, бірақ Исадан басқа құтқарылатын жол жоқ!" - деді.
Жиналған жұрттың барлығы Петір мен Жоханның батылдығына таң қалды. Алдарында қарапайым және оқымаған адамдардың тұрғанын көрді, бірақ кейін оларды Исаның қасынан көргендерін естеріне түсірді. Сонда діни қызметшілер мен рубасылар Петір мен Жоханға: "Егер Иса деген адам туралы айтқандарыңды тоқтатпасаңдар, онда біз сендерді жазалаймыз" - деді. Осылай Петір мен Жоханды қорқытып, жөндеріне жіберді.
Елшілердің істері 3:1-4:22 үзіндісінен алынған Киелі кітап әңгімелері