қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

26. Исаның Өз қызметін бастауы

Frame 26-09

Сонымен қатар Исаға көптеген жын соққан адамдарды алып келіп жатты. Иса жындарға шық деп бұйрық бергенде, олар адамның денесінен шығып кететін. Жындар былай деп айқалайтын: "Сен-Құдайың Ұлысың!" Бірақ Иса оларға Оның кім екенін айтуға тиым салды. Қалың жұрт Исаның күші мен билігіне таң қалып, Жаратқан Иені мадақтады.

Frame 26-10

Исаның соңынан көптеген адам еріп жүрді, кейбіреулері Оның шәкірттерінің қатарына қосылды. Ол шәкірттерінің арасынан 12 адамды таңдап алды, олар Исаның ерекше өкілдері болатын. Иса оларды "елшілер" деп атады. Елшілер Исамен бірге жүріп, Одан тәлім алды.

Матай 4:12-25, Марқа 1:14-15, 35-39; 3:13-21 және Лұқа 4:14-30, 38-44 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімелері