48. Иса - Ол уәде етілген Мәсіх
Құдай исраилдіктерді Өзінің меншікті халқы ретінде таңдап алғандықтан олармен келісім жасасты. Енді Құдай бүкіл халықтарға қол жетімді Жаңа Өсиет бекітті. Енді Жаңа Өсиетті қабылдаған кез келген адам Құдайдың халқына қосылады. Бұл Мәсіхке деген сенімнің арқасында іске асады.
Мұса Құдайдың Сөзін асқан батылдықпен уағыздаған ұлы пайғамбар болды. Бірақ Иса - басқа пайғамбарлардан да ұлы. Ол - Құдай, сондықтан Оның әрекеттері мен айтқан сөздері, Құдайдың істері мен Сөздері болып табылады. Міне сондықтан Киелі кітапта Исаны Құдайдың Сөзі дейді.
Құдай Дәуіт патшаға оның ұрпағының Біреуі Құдайдың халқын мәңгі басқаратын болады деп уәде етті. Иса сол Дәуіттің ұрпағы. Ол Құдайдың Ұлы және мәңгі билік жүргізетін Мәсіх.
Дәуіт Исраил халқының патшасы болды, ал Иса - бүкіл Әлемнің Патшасы! Ол қайта келіп Өз Патшалығында татулықпен және әділдікпен мәңгі билік құрады.
Жаратылыстың басталуы 1-3, 6, 14, 22, Мыс.шығу 12, 20, 2-ші Патшалық, 7 тарау, Еврейлерге арналған хат 3:1-6, 4:14-5:10, 7:1-8:13, 9:11-10:18 және Жохан 21 тарау