3. Топан су
Екі айдан кейін Құдай Нұхқа былай деді: "Енді сен отбасыңмен, барлық жануарлармен кемеден түссең болады. Балаларың мен немерелерің көп болсын! Жер бетін толтырыңдар!" Содан кейін Нұх отбасымен кемеден шықты.
Жерге түскеннен кейін Нұх құрбандық шалатын орын жасады. Ол құрбандық шалуға жарайтын жануарлардың әр түрінен бірнеше жануарды таңдап құрбандыққа шалды. Құдай бұл құрбандыққа риза болды және Нұх пен оның отбасына оң батасын берді.
Құдай тағы былай деді: "Адамдар бала кезінен күнәға бейім болса да, енді ешқашан жерді топан сумен құртпаймын және олардың зұлым істеріне бола,адамдарды қарғамауға уәйде беремін ".
Құдай уәсенің белгісі ретінде кемпірқосақ орнатты. Ол, аспанда кемпірқосақ шыққан сайын енді Жерді топан сумен жазаламаймын деген уәдесін есіне түсіреді.
Жаратылыстың басталуы 6-8 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі