қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

40. Исаның айқыш ағашқа шегеленуі

Frame 40-08

Осылай Иса Өзінің өлімі арқылы бүкіл адамзатқа Құдайдың алдына келетін жолды ашып берді. Исаны күзетіп тұрған адам, осының бәрін көргенде былай деді: "Бұл адам шынымен кінәсіз екен. Ол - Құдайдың Ұлы".

Frame 40-09

Содан кейін яһуда кеңесінің мүшесі Жүсіп пен парызшыл Нікөдім екеуі Пилатқа келіп Исаның мәйітін сұрады. Олар Исаның Мәсіх екеніне сенетін. Жүсіп пен Нікөдім Исаның мәйітін кебінге орап, жартаста үңгіп жасалған қабірге апарып қойды. Бұдан кейін қабірдің кіреберісін үлкен таспен жауып қойды.

Матай 27:27-61, Марқа 15:16-47, Лұқа 23:26-56 және Жохан 19:17-42 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі