қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

9. Құдайдың Мұсаны шақыруы

Frame 09-13

Содан кейін Құдай былай деді: "Мен халқымның қиналып жүргенін көрдім. Құлдықта жүрген исраилдіктерді Мысырдан шығару үшін Мен сені Перғауынға жіберемін. Мен оларға Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыпқа уәде еткен Қанахан жерін беремін"

Frame 09-14

Мұса былай деп сұрады: "Егер халық менен, сені кім жіберді деп сұраса не істеймін? Оларға не деп жауап берейін?" Сонда Құдай: "МЕН БАР БОЛУШЫМЫН. Оларға былай де: "Мені сендерге жіберген Бар Болушы". Тағы былай деп айт: "МЕН - ЖАРАТҚАН ИЕ, ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың Құдайымын. Бұл Менің Мәңгілікке қалатын есімім ".

Frame 09-15

Мұса қорқып, әрі сөзге шолақ болғандықтан перғауынға барғысы келмеді. Сондықтан Құдай оған көмекші ретінде ағасы Харонды жібереді.

Мысырдан шығу 1-4 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі