қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

2. Күнәнің пайда болуы

Frame 02-07

Самал жел соғып тұрды. Адам ата мен Хауа ана , Құдайдың бақта жүргенін естіп тығылып калды. Кұдай адамды шақырып: "Адам, сен қайдасың?" деді. Ол: "Мен Сенің келе жатқаныңды естіп, қорқып кеттім, себебі мен жалаңаш едім, сондықтан тығылып қалдым"

Frame 02-08

Жалаңаш екеніңді қайдан білдің? Мен тыйым салған ағаштың жемісін жеп қойған жоқсың ба? - деп сұрады Құдай. Адам былай жауап берді: "Сен маған осы әйелді бердің, ал ол маған сол ағаштың жемісін жеуге берді". Сонда Құдай әйелге қарап: " неге олай істедің? деп сұрады. Әйел: "Жылан мені азғырды" деп жауап берді.

Frame 02-09

Сонда Құдай жыланға: "Сені қарғыс атты! Енді сен бауырыңмен жорғалап, топырақ жейсің. Сендер қас жау боласыңдар. Ұрпақтарың да бір біріне дұшпан болады. Сен әйелдің ұрпағын өкшесінен шағып жаралайсың, ал ол сенің басыңды мыжитын болады.

Жаратылыстың басталуы 3 тарауынан алынған Киелі кітап әңгімесі