17. Құдайдың Дәуітпен жасаған келісімі
Саул Исраилдің бірінші патшасы болды. Ол Исраил халқының жүрегінен шыққан бойы ұзын, сымбатты жігіт еді. Исраил еліне билік жүргізген алғашқы жылдары Саул жақсы патша болды. Бірақ кейін ол зұлым істер жасап, Құдайға мойынсұнбай кетті. Сонда Құдай оның орнына басқа патша тағайындады.
Құдай Дәуіт есімді жас исраилдікті таңдап, оны Саулдан кейінгі патша болуға дайынған еді. Дәуіт Бетлехем қаласынан шыққан шопан болатын. Әкесінің малын бағып жүргенде Дәуіт қойларға шапқан арыстан, мен аюларды өлтіретін. Ол өте кішіпейіл, адал адам болды. Ол Құдайға сенім артып, Оған мойынсұнды.
Жас кезінде Дәуіт Ғолият есімді алып жауынгермен күрескен болатын. Ғолият өте күшті, тәжірибелі жауынгер еді, оның бойы шамамен үш метрдей болатын! Құдай Дәуітке Ғолиятты жеңіп, Исраилді құтқаруға көмектесті. Содан кейін де Дәуіт Исраилдің жауларын жеңіп отырды. Ол ұлы жауынгер атанып, Исраил әскерін көп рет соғысқа бастап алып жүрді. Дәуіт исраилдіктердің көңілінен шығып, олар оны мақтап жүрді.
1 Патш 10; 15-19; 24; 31; 2 Патш 5; 7; 11-12 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі