32. Исаның жын соққан адам мен ауру әйелді сауықтыруы
Сол уақытта Иса көлдің арғы бетіне өтеді. Сол жерде Оны бір топ адам күтіп тұрған еді. Адамдардың көп болғаны соншалық, халық Исаны жан жақтан қаумалап қыспақтап тұрды. Осы топтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырған бір әйел болды. Ол дәрігерлерге бар қаражатын жұмсаса да ауруынан сауыға алмай, керісінше жағдайы одан бетер наршарлай берді.
Исаның көптеген ауруларды емдегенін естігенде ол: "Исаның киіміне қолымды тигізсем болды, емделетініме нық сенемін!"-деп ойлады. Сондықтан ол Исаның арт жағына келіп Оның киімінің шетіне қолын тигізді. Ол қолын тигізген сәтте-ақ қан кетуі тоқтады.
Сол сәтте Иса Өзінен күш шыққанын сезді. Ол бұрылып: "Маған қолын тигізген кім?" -деп сұрады. Сонда шәкірттері: "Айналаңызда қалың жұрт. Олар сізді қаумалап қыспақтап тұр. "Кім маған қолын тигізді" - деп сұрағаныңыз қалай?
Сонда әйел Исаның аяғына жығылып, қорыққаннан қалтырап, Оған не болғанын, қалай емделгенін айтып берді. Иса оған былай жауап берді: "Сеніміңе бола емделдің. Аман-есен қайта бер."
Матай 8:28-34; 9:20-22, Марқа 5:1-20; 5:24б-34 және Лұқа 8:26-39; 8:42б-48 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі