38. Исаға қарсы жасалған опасыздық
Иса: "О, Әке, мүмкін болса, қаһарыңа толы бұл тостағанға Мені жолатпашы. Бірақ, адамдардың күнәларын кешіретін басқа жол жоқ болса, онда Сенің еркің болсын!» - деп қатарынан үш рет мінәжат етті. Исаның қатты қиналғаны соншалық, Оның тері қан сияқты жерге тамып жатты. Құдай Оған күш беруге періштесін жібереді.
Осылай Иса сиынып мінәжат етіп келген сайын, шәкірттері ұйықтап жатқанын көреді. Үшінші рет қайтып келгенде, Ол шәкірттеріне: "Ояныңдар! Тұрыңдар! Маған опсыздың жасайтын адам таяп калды"- деді.
Сол сәтте Яһуда қасына бас діни қызметкерлерді, ғибадатхананың бас сақшыларын, рубасыларын, жасақшылар мен бір топ адамдарды ертіп келеді. Олар қолдарына семсер мен сойыл ұстап келген екен. Яһуда Исаға жақындап келіп: "Амансыз ба, Ұстаз! - деп Оның бетінен сүйді. Яһуда бұл іс-әрекетпен ертіп келгендерге тұтқынға алатын Адамды көрсетіп, белгі беру үшін істеген екен. Сонда Иса: "Яһуда, бетімнен сүйіп Маған опасыздық жасағаның ба?" - деді.
Жасақшылар Исаны ұстап алғанда Петір семсерін суырып алып бас діни қызметшінің малайының құлағын шауып түсіреді. Бірақ Иса: "Семсеріңді тарт! Қынабына сал! Мен Әкемнен сұрасам Мені қорғауға Ол дереу періштелер әскерін жібереді! Бірақ Мен Әкеме мойынсұнуым керек" - деді. Иса малайдың құлағын емдеп береді. Содан жасақшылар Исаны тұтқынға алғаннан кейін, шәкірттері жан жаққа қаша жөнеледі.
Матай 26:14-56, Марқа 14:10-50, Лұқа 22:1-53 және Жохан 12:6; 18:1-11 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі