қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

21. Мәсіх туралы Құдайдың уәдесі

Frame 21-12

Пайғамбарлар Мәсіхтің қандай өліммен өлетінін болжаған еді. Ишая пайғамбар: адамдар Оның бетіне түкіріп, балағаттап, ұрып-соғады. Олар Мәсіхке найза сұғып, Ол ешқандай зұлымдық жасамаса да азап шегіп өлетінін айтқан болатын.

Frame 21-13

Сонымен қатар пайғамбарлар Мәсіх еш күнәсіз таза жан болады деп айтқан болатын. Ол кемшіліксіз кемелді адам болады. Бірақ Құдай бүкіл адамзаттың күнәлары үшін Мәсіхті жазалағандықтан, Ол өледі. Оның өлімі адамдармен Құдайды татуластырады. Сол себепті Құдайдың жоспары бойынша Мәсіх өлу керек еді.

Frame 21-14

Сонымен қатар пайғамбарлар Құдай Мәсіхті өлімнен қайта тірілтеді деп айтқан болатын. Туған кезде Мәсіхке Иса деген есім береді. Исаның өліп, қайта тірілуі Жаңа Келісімді бекітеді. Құдайдың жоспары осындай болған еді. Осылай Құдай Өзіне қарсы күнә жасаған адамдарды құтқаруды жоспарлады.

Frame 21-15

Көптеген пайғамбарлар Мәсіх туралы көп шындық айтып кеткен болатын, бірақ олардың ешқайсысы Мәсіхті көре алмай кетті. Соңғы пайғамбарлық сөздердің айтылғанына төрт жүз жыл өтті. Осылай Өзінің белгілеген уақытында Құдайдың әлемге Мәсіхті жібереді.

Жарат. 3:15; 12:1-3; Заң.қайт 18:15; 2 Патш 7; Еремия 31; Ишая 59:16; Даниял 7; Малахи 4:5; Ишая 7:14; Миха 5:2; Ишая 9:1-7; 35:3-5; 61; 53; Жыр 21:19; 34:19; 68:5; 40:10; Зәкәрия 11:12-13; Ишая 50:6; Жыр 16:10-11үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі.