қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

5. Құдай уәде еткен ұл

Frame 05-05

Сол күні Ыбырайым үй ішіндегі еркек атаулының барлығын сүндетке отырғызды. Шамамен бір жылдан кейін, Ыбырайым жүз жаста, ал Сара тоқсан жаста болғанда, Сара Ыбырайымға ұл туып береді. Құдай айтқандай оның атын Ысқақ деп қояды.

Frame 05-06

Ысқақ әлі кішкентай болған кезде, Құдай Ыбырайымның сенімін сынамақ болады. Ол Ыбырайымға: "Жалғыз ұлың Ысқақты Маған құрбандыққа шал" - деді. Ыбырайым бұл жолы да Құдайға мойынсұнып, өз ұлын құрбандыққа әкелуге дайындала бастады.

Frame 05-07

Ыбырайым мен Ысқақ құрбандық шалатын орынға келе жатқанда Ысқақ әкесінен: "Әке, құрбандық шалатын отын бар, ал тоқты қайда?" деп сұрағанда, Ыбырайым: "Балам, құрбандыққа шалатын тоқтыны Құдайдың Өзі береді" деді.

Жаратылыстың басталуы 16-22 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі