қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

45.Степан мен Філіп

Frame 45-10

Філіп күймеге отырып, эфиопиялық уәзірге Ишаяның пайғамбарлық сөзінде Иса туралы айтқанын түсіндірді. Сонымен қатар Філіп Киелі Жазба туралы бөлісіп, сол адамға Иса туралы Ізгі Хабар айтып берді.

Frame 45-11

Сол уақытта Філіп пен эфиопиялық уәзір судың қасынан өтіп бара жатқан еді. Эфиопиялық адам: "Мынау су ғой. Осы жерде суға шомылдыру рәсімінен өтсем болады ма?" - деп өтінді. Філіп оған: "Шын жүректен сенсеңіз, болады" - деді. Эфиопиялық адам: "Ия, Исаның Құдайдың Ұлы екеніне сенемін" - деді. Содан кейін ол күймені тоқтатуды бұйырды.

Frame 45-12

Олар суға кірді, Філіп эфиопиялық уәзірді суға шомылдыру рәсімінен өткізді. Олар судан шыққан кезде, кенеттен Киелі Рух Філіпті басқа жерге апарып тастайды.Сол жерде Філіп адамдарға Иса туралы Ізгі хабарды тараттты.

Frame 45-13

Ал эфиопиялық адам үйіне қарай жолын жалғастырды. Ол Иса туралы естігеніне қатты риза болды.

Елшілердің істері 6:8-8:5; 8:26-40 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі