қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

50. Иса қайтып келеді.

Frame 50-14

Алайда Құдай Исаға сенбеген әркімді соттап, тозақ отына тастайды. Сол жерде олар зар еңіреп жылап тістенетін болады. Олар мәңгілік азап шегетін болады. Мәңгі жанып тұратын от оларды жалмап, құрттар оларды жеулерін тоқтатпайды.

Frame 50-15

Иса қайтып келгенде Ол шайтан мен оның патшалығын толығымен талқандайды. Иса шайтанды тозақ отына лақтырады. Шайтан Құдайды тыңдамағандармен бірге тозақтың отында мәңгі жанатын болады.

Frame 50-16

Адам ата мен Хауа ана Құдайға мойынсұнбағандықтан осы әлемге күнәні алып келді. Сондықтан жер бетіне Құдайдың қарғысы келді және бір күні ол мүлдем жоқ болады. Бірақ Құдайдың кемелді болатын жаңа аспан мен жаңа жерді жарататын уақыты келеді.

Frame 50-17

Иса және Оның халқы сол Жаңа Жерде өмір сүретін болады. Ол сол жерде мәңгі билік құрады. Иса адамдардың көз жасын сүртеді. Енді ешкім жыламайды, қиналып азап шекпейді. Олар ауырмайды және мәңгі өмір сүреді. Зұлымдық атаулы жойылады. Иса Өз Патшалығында әділдікпен және тыныштықпен билік жүргізетін болады. Ол Өз халқымен мәңгі бірге болады.

Матай жазған ізгі хабар 24:14; 28:18, Жохан жазған ізгі хабар 15:20, 16:33, Аян кітабы 2:10, Матай жазған ізгі хабар 13:24-30, 36-42, 1-ші Салониқалық 4:13-5:11, Жақып 1:12, Матай жазған ізгі хабар 22:13 және Аян кітабы 20:10, 21:1-22:21