қазақ тілі: Открытые Библейские Истории

Updated ? hours ago # views See on DCS Draft Material

16. Билер

Frame 16-01

Нұн ұлы Ешуа өлгеннен кейін Исраил халқы Құдайды тыңдамай, Оның заңдарына бағынбай кетті. Исраилдіктер Қанахан жерінен қалған халықтарды қуып шығармады. Олар шынайы Құдай - Жаратқан Иенің орнына қанахандықтардың құдайларына сиынды. Исраилдіктердің патшалары болмады, сондықтан әркім өзіне дұрыс болып көрінгенді істейтін.

Frame 16-02

Көп жылдар бойы Исраил халқы Құдайды тыңдамай жүргендіктен, Құдай оларды жазалап, айналасында тұрып жатқан жауларының қолына түсіріп отырды. Олар исраилдіктерді тонап, мүліктерін тартып алып, олардың көбін өлтірді. Ұзақ жыл қысымшылық көргеннен кейін, Исраил халқы Құдайдан кешірім сұрап, жауларынан құтқаруын өтінді. Осылай көп рет қайталанып отырды.

Frame 16-03

Исраилдіктер жасаған істеріне өкінген сайын, Құдай оларды құтқарып отырды. Жауларына қарсы шығып, халықты бостандыққа шығарып отыратын билеуші жіберетін. Сонда елде тыныштық орнап, би әділдікпен билік жүргізді. Құдай исраилдіктерге көмек ретінде билерді тағайындап отырды. Жауласқан көрші мадияндықтарға Исраил халқын жеңуге жол бергеннен кейін, Құдай исраилдіктерге сондай билердің біреуін жібереді.

Frame 16-04

Жеті жыл бойы мадияндықтар Исраил хылқының астығын тонап келген еді. Исраилдіктерді үрей билеп, мадияндықтардан жасырынып үңгірлерді паналап жүрді. Ақыры, олар Құдайға сиынып, құтқаруын өтінді.

Билер 1-3; 6-8 үзінділерінен алынған Келі кітап әңгімесі